kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

WorldSkills

WORLDSKILLS -2026

ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ, ШЕБЕРЛІККЕ СЕРПІН БЕРГЕН «WORLDSKILLS -2026» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!

Бүгін, яғни 2026 жылдың 02 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі базасында «WorldSkills AKTAU -2026» өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионатқа колледжден 29 құзыреттілік бойынша 182 білім алушы қатысады, оларды 80-нен аса сарапшылар бағалайтын болады.

Чемпионаттың ашылу салтанатына колледждің әлеуметтік серіктес «ВЭСТ-Авто» ЖШС, «Oil Services Company» ЖШС, «КазАзот» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы, «A2 DESIGN» ЖШС, «Сигнал» ЖШС, ҚР ТЖМ МО «Төтенше жағдай департаменті», «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС, «OSS Kazakhstan» ЖШС мекеме басшылары мен өкілдері – қатысып, кәсіби шеберліктерін сынағалы отырған колледж жастарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, чемпионаттың ашылу салтанатына 150-ден аса мектеп оқушылары қатысып, жарыс алаңдарын аралап, қатысушылардың жұмыс барысымен танысты. Олар түрлі мамандықтардың қыр-сырымен жақынырақ танысып, заманауи өндірістік технологиялар мен кәсіби дағдылардың қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көрді. Жас көрермендер үшін бұл шара мамандық таңдауға бағыт-бағдар беретін маңызды танымдық алаңға айналды.

Колледж басшысы Чемпионаттың ашылу салтанатына келген қонақтарға Алғысын айтып, қатысушыларымызға сәттілік тіледі!