Маңғыстау политехникалқы колледжінің медпункті
Мамедова Салтанат Солтанбековна
Маңғыстау политехникалық колледжінің медициналық пунктінің фельдшері
Колледж қызметкерлері мен студенттеріне медициналық қызмет көрсету №00217DE 19.02.10 ж. лицензия негізінде медициналық кабинетте жүзеге асырылады.
Медициналық қызмет көрсету, алдын- ала қарау және ем-дом жасау кабинеттерінен құралған медициналық пунктте жүргізіледі. Медициналық пункт барлық қажетті медициналық инвентарьлармен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі –дәрмектер жиынтығы бар, құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Медициналық пункттің негізгі міндеттері болып табылады
колледж қызметкерлері мен студенттеріне алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар алдын-алу шараларын жүргізу.
Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес медициналық пункт жүзеге асырады:
- жарақат алған жағдайда, жедел ауруға ұшырағанда , улану жағдайда,алғашқы дәрігелік көмек көрсету, жедел жәрдем жіберу;
- сауықтыру және алдын-алу шараларын жоспарлау және ұйымдастыру;
- медициналық құжатнамаларды есепке алу және тексеруді жүзеге асыру;
- санитарлық – гигиеналық білімдерін жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау;
- білім беру ұйымындағы өткізілетін барлық медициналық шараларға толық жауапкершілігіне алу және белсене қатысу ,оқуға түсуші талапкерлерден №063 формасы (егілу картасы) мен №086/у (медициналық анықтама) формаларын талап ету;
- жоспар арасында салауатты өмір салттының негіздерін насихаттау,олардың белсенділігінің артуына әсер ететін, шылым шегу, ,ішімдікті пайдалану , нашақорлықпен әуестену және басқа да психобелсенділігін арттыратын заттарды қолданудың алдын -алу шараларын жүзеге асыру;
- СПИД-ВИЧ –тің алдын- алу,тері –венерологиялық және басқа да инфекциялық-паразитарлық аурулардың алдын-алу шараларын өткізу;
- жыл сайын колледж қызметкерлері мен студенттері арасында жоспарлы дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру,флюорогрофиялық тексеру,алдын-алу,егу жұмыстарын жүргізу;
Медициналық пункт жұмысының алға қойған мақсаты студенттердің денсаулығын сақтау және нығайтуға байланысты стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Скачать файл (PDF, 229.42 Kb)