БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КОЛЕДЖДЕН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің білім алушысы колледжден шығарылуы мүмкін:
- академиялық үлгермеушілік үшін;
- себепсіз бір семестрде 36 және одан көп сағат оқу сабақтарын өткізу үшін;
- ішкі тәртіп Ережелерін, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің Жарғысын бұзғаны үшін;
- білім беру қызметін ақылы көрсету шартының талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде оқу құнын төлемегені үшін;
- өз өтініші бойынша;
- басқа оқу орнына ауысуына байланысты.
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің білім алушыларына академиялық демалыстар беріледі:
- амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін науқастануы бойынша;
- әскери қызметке шақыру туралы күн тәртібі негізінде;
- баланың туылуына, асырап алуына байланысты үш жасқа толғанға дейін.
Академиялық демалыс алу үшін білім алушы
тиісті құжаттарды ұсынады және студенттерге қызмет көрсету орталығында өтініш
толтырады.
Академиялық демалыстан қайтып келгеннен
кейін білім алушы жеке өтініші негізінде басшының бұйрығымен білім алушылар
контингентіне қайта қабылданады.Академиялық демалыстан келген соң білім алушы
оқуын аталған демалысты рәсімдеген курстан бастап жалғастырады.
Курс
және мамандығы бойынша сәйкес топтар болмаған жағдайда, білім алушы басқа
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын
жалғастыруы мүмкін.
Академиялық
демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін оқуын жалғастырмаған білім алушылар
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымынан шығарылады.
Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан кейін бірінші академиялық кезеңнің нәтижелерін аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
27 қазан 2022
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталады (1-кесте). 1-кесте. Дәстүрлі бағалау шкаласына ауыса отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік...
30 наурыз 2021
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ
1.Колледжде білім беру үдерісін ұйымдастыру ашық, объективті және этикалық норма принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Колледждің оқытушылар құрамы: оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз...
26 наурыз 2021
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ
1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі білім алушыларды қорытынды аттестаттау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білімі бар кадрларды даярлау бағыттары үшін білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі. 2....
26 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын,...
26 наурыз 2021
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КОЛЕДЖДЕН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің білім алушысы колледжден шығарылуы мүмкін: академиялық үлгермеушілік үшін; себепсіз бір семестрде 36 және одан көп сағат оқу сабақтарын өткізу үшін; ішкі тәртіп Ережелерін, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық...