«Бикада» және «Жаңа домофон»
19 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледждің бітіруші топ студенттері «Бикада» және «Жаңа домофон» ЖШС жұмыс берушілермен кездесуі өтті.
Бұл күні жұмыс берушілер түлектер үшін мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.
Кездесуде колледж студенттерінің жұмысқа орналасу және тәжірибеден өту мүмкіндіктері талқыланды. Кәсіпорын өкілдері өз қызметкерлері үшін жасалатын жағдайлар туралы, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық көлемде айтуға тырысты.
Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі көптеген білім беру мекемелері, соның ішінде біздің колледж үшін өте өзекті болып табылады. Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды қиындататын факторлардың бірі олардың еңбек нарығына шығуға дайын еместігі болып табылады. Колледж ұжымы әлеуметтік жауапты серіктестік қағидаларын ұстанады, белсенді және жемісті жұмыс үшін барлық жағдай жасайды. Сондықтан колледжде түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және олардың жұмыс ортасына бейімделуі бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыс берушілермен, біздің әлеуметтік серіктестерімізбен ынтымақтастық осы күрделі міндетті шешуге көмектеседі. Ол жұмыс берушілер өкілдерінің мемлекеттік аттестаттау комиссияларының жұмысына, студенттерді практикалық оқытуға қатысуы арқылы іске асырылады. Колледж білім алушыларының өндірістік практикасы біздің әлеуметтік серіктестеріміздің кәсіпорындарында ұйымдастырылған.
Кезекті кездесу барысында түлектер кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды, өздерін қызықтырған тақырыптарға сұрақтар қойып, жауаптар алды. Алдағы уақытта сауалнама мен тапсырмалары нәтижелері бойынша көптеген студенттер одан әрі жұмысқа орналасуы орнын таба алды.
Біздің түлектер өз білімдеріне лайықты қолданыс табады деп үміттенеміз!
11 маусым 2022

Worldskills Aktau- 2022
Бүгін 6-10 маусым арасындағы 4 күнге созылған Worldskills Aktau- 2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Кәсіби...
10 маусым 2022

Антикоррупциялық қызметтің бірыңғай Call-орталығы 1424
Агенттік мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын...
8 маусым 2022

ТАЗА СЕССИЯ
*«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫНЫҢ ШТАБЫ ОҚУ ОРНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӨЗ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ!!! *АКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ*–...
6 маусым 2022

WorldSkills Kazakhstan -2022
“WorldSkills Kazakhstan -2022” кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінен 26...
6 маусым 2022

WorldSkills Kazakhstan -2022
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде бүгін облыстық WorldSkills чемпионаты басталды. Колледж базасы 16 құзыреттілік бойынша чемпионат...
2 маусым 2022

1-маусым Балаларды қорғау күні
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай топ жетекшілері А.Бегешова мен З.Утегенова облыстық...
1 маусым 2022

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай» топ жетекшісі Жайлы Айғаным Хасанқызының ұйымдастыруымен топ сағаты өтті. Студенттердің...
1 маусым 2022

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын. Барша балалар ауырмасын. Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата -...
30 мамыр 2022

BabySkills
Президент 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және...
30 мамыр 2022

BabySkills
Президент 2022 жылды - Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және...
28 мамыр 2022

Әлеуметтік әріптестік
«Әлеуметтік әріптестік» жылы аясында Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің «Білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша...
28 мамыр 2022

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі базасында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Е.Т.Жаңбыршин өңір студенттерімен кездесті. Алда өтетін...