kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Маңғыстау руханият

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРЛАРЫН ДАМЫТУДА.

Жақында ғана тамаша жаңалық орын алды.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі оқытушысы әлеуметтік және студенттер арасындағы кәсіпкерлік қырларын дамытуда жүйелі жұмысқа кірісті.

Атап айтқанда

Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, педагог-модератор, техника ғылымдарының магистрі және «Маңғыстау руханият» қоғамдық қорының мүшесі –Лукпанова Салтанат Аскатовна «Автоэлектрик» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

«Автоэлектрик» әлеуметтік жобасы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан, балалар үйінің тәрбиеленушілері, әр түрлі диагнозы бар 8-10 сынып оқушыларына арналған жобаны қолға алды. Бұл жемісті

жобаның мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жұмыссыздықты азайту, білікті-жұмысшы мамандарды көбейту, Hard skills-ті дамыту, оқушылардың уақытын тиімді пайдалану және мамандыққа бағыт-бағдар беру болып табылады. Жалпы жоба екі кезеңнен: теориялық және практикалық(шебер сыныптар) тұрады.

Теориялық этапта қатысушылар «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» тақырыбында өз жобаларын қорғады. Сонымен қатар «Көлік саласының жұмысшы маманы болғыңыз келеді ме?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.