kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

"Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті

"Talap" КЕАҚ-ы жыл сайын "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" байқауын ұйымдастырып өткізіп келеді. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына байланысты мереке қарсаңында "ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті" байқауы жарияланып, еліміздің барлық өңірінен жетістікке жеткен белсенді студенттері қатысып бағын сынады.

Байқау 3 кезеңнен өтті: колледжішілік, аймақтық, республикалық. Алдымен колледжішілік байқау жарияланып, үздік студенттер анықталып, келесі кезеңге құжаттары жинақталып, жобасы жіберілді.

Міне осы 3 кезеңнен де сүрінбей өтіп, өз білімін шыңдаған, білім мен білікті қатар игеріп, шеберлігін көрсете білген, еріктілер қатарында жүріп, мейірімі мен жылуын төге білген, байқаулар мен жарыстарда қанаты талмай қатысатын, белсенді студенттеріміздің бірі - "Автоматтандыру және басқару" мамандығының "Электромеханик" біліктілігі бойынша білім алып жатқан 3 курс студенті Нұрберген Азамат Аянұлы.

Естеріңізге сала кетейік "ҚР колледждерінің ТОП 100 студенттері" байқауы 1-15 қараша аралығында ресми сайтында онлайн режимінде дауыс беру жүргізілді. Нұрберген Азамат Аянұлы 741 дауыс жинады.

Сіздердің назарларыңызға топты жарған "ҚР колледждерінің ТОП 100 студенттері" қатарына еніп үздік атанған студенттің бірі Нұрберген Азамат Аянұлының мотивациялық хаты мен бейнероликтерін ұсынамыз.

Адамның армандауы –өмір заңдылығы, ал орындалмайтын арман, қанат қақпайтын құс болмайды. «Үздік маман иесі атану, автоматтандыру және басқару саласында тұлға рөлін атқару»-бұл менің бала кезден арманым! Қазіргі таңда автоматтандыру технологиялары ерекше қарқынмен дамуда. Осыған орай мен өзімнің болашақ мамандығымның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткім келеді. Электромеханик болу өмірдің әр саласында сұраныс тудыруда. Ол ғылым мен техниканың заманауи талаптарға сай өркендеуіне жол ашты. Бұрынғы уақытқа қарағанда қазір еңбек күшін адамдар емес технологиялар алмастырып, соның нәтижесінде өнімділік күрт артты. Ал оларды іске қосу осы сала аясында жүзеге асады. Жер беті мен асты түгіл ғарыштық зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау осы мамандардың арқасында жасалады.Тaңдaғaн мaмaндығым - мaқтaнышым! Осы колледжді аяқтағанан кейін жоғарғы деңгейде одан əрі білім алып, көптеген жұмыс орындарына білікті маман ретінде орналасуды армандаймын. Осындaй мәртебелі мaмaндық иесі екендігіме ізгі ниетіммен қуaныштымын және мaқтaнaмын.

Ұстаз… Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Мен үлгі тұтар тұлғам – өзіндік орны бар ерекше жан. Ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Солардың бірі, менің колледждегі ұстазым — Сейтова Жанар Айтмуратовна.

​ «362 әулиелі маңғаз Маңғыстауда 2003 жылы 1 қарашада Маңғыстау облысы Жетібай кентінде дүниеге келдім. Балабақшада тәрбиеленіп, 2009 жылы Жетібай кентінің №8 орта мектебінің табалдырығын аттадым. Жалпы мектеп қабырғасынан-ақ алғыр, өз ортамның алды болып, оқу озаттарының бірі атанғаным рас. Тоғызыншы сыныпты тәмамдағаннан кейін оқу орнына түстім. Адам өз жүрегінің қалауымен таңдау жасаса ешқашан қателеспейді дейді ғой. Менде солай осы мамандықты өз қалауыммен таңдадым. Сол себепті білікті маман иесі болып шығу үшін осы оқу орнына түстім. Колледж атын асқақтатып, оны әр уақытта дәріптейтін студенті ғана емес, қоғамға да белсене ат салысатын, замана көштен қалыспай, түрлі іс-шара, байқауларда бақ сынайтын сегіз қырлы бір сырлы, көркемсөз оқудың шебері, тіпті жүргізушілік қабілетін барша қауымға паш етіп жүрген жалынды жастарының бірімін. Колледж табалдырығын аттағаннан бері түрлі іс-шаралар, конференциялар, олимпиадалар,пікірталастар, квест ойындары, интеллект сайыстары, тіпті спортпен қатар колледжішілік байқауларда да алдыңғы қатарлардан көрініп, осындaй мәртебелі мaмaндық иесі екендігіме ізгі ниетіммен қуaныштымын және мaқтaнaмын. 2020 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай жетекшімізбен бірге жастар ісі комитетінің студенттерімен бірлесе отырып қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық. Жағдайы төмен, жетім жесірлерге, көп балалы аналарға көмек көрсеткен болатынбыз. Қоғамның ынтымағы берік болуына, халқымыздың сыйластығы мен бір-біріне деген мейірімділігін артыруына септігін тигізу мақсатында осындай қоғамдық жұмыстарды жүргіздік. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта..» облыстық студенттер слетінде 3- орын алған үшін дипломмен марапатталдық. «Worldskills Aktau 2021» колледж ішілік чемпионатына "Еңбек қорғау" құзыреттілігі бойынша қатысып 1 орын дипломмен марапатталдым.