kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Оқуға құштар колледж

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 27 ақпан күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Ең оқуға құштар топ ” атты конкурс өтті.

Шараның мақсаты: шәкірттерге оқу танымдық тәрбие беру, ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Интеллектуалды сайысқа 2 топ қатысып, өз логикалық, практикалық білімдерін, ұшқыр ойлау қабілеттерін көрсетті. Бұл сайыс интеллектуалды ұрпақ қалыптастыруда өз үлесін қосты деген сенімдеміз.

Бұл шараға АРХТ 23-01с және ТОРА 23-01 с топ студенттері инттелектуалды ойынға қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1. кезең “ Таныстыру ” әр топ өз тобын таныстырып, ұранын айтады.

2. кезең “ Авторын тап ” өлең шұмақтарының авторын табу.

3. кезең “ Дода ” жалғасын табу.

4. кезең “ Сандар сөйлейді ”

5. кезең “ Даналық ойдан дән ізде ” деп аталады. Бұл кезеңде сандарды ретімен орналастырып мақал-мәтел шығару.

Сайыс қызықты әрі танымды өткізілді: студенттер өздерінің білімдерін, бірліктерін және оқығандықтарын көрсетті.