Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі»
Маңғыстау облысында
«Қазақстандағы Туриндік процесі»
«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 24 – 26 қыркүйек аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті, әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.
2018 жылғы жылдың 24 қыркүйекте зерттеудің жұмыс тобымен (білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, статистика департаменті өкілдері) және өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдерімен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде өңірдің ТжКБ жүйесінің жағдайы мен проблемалық зоналары талқыланды. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі - ерекше білімді қажет ететін студенттерді оқыту.
Маңғыстау облысында 2018 жылы бірінші рет инклюзивті топ Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде ашылды. Осы бағыт бойынша колледж директоры Ө. Қайырбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде мүдделі тараптармен семинар өткізілді. Семинар қатысушылары: білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының, статистика департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары, басшы орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог. Семинарға қатысушылар зерттеудің аналитикалық жиегі аясында жұмыс жасады. Аналитикалық жиекте келесі бөлімдер қарастырылған:
- ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
- Экономикалық прогреске арналған ТжКБ жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
- ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
- ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.
Әр бөлімде ТжКБ саласының келесі стратегиялық бағыттары қарастырылған: еңбек нарығы мен білім беру қызметінің әрекеттесуі, әлеуметтік инклюзия мен өңірдегі демографиялық жағдай, ТжКБ мәртебесі мен тартымдылығын арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, сандық жүйеге көшу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту және т.б. Семинар топтық жұмыс түрінде жүргізілді. Топтық жұмыс барысында өңірлік ТжКБ жүйесінің оң жақтары, проблемалары және олардың шешімдері қарастырылды.
ТжКБ бөлімінің бас маманы А. Төлеуов мемлекеттік-жеке серіктестік тарапынан өңірдегі колледждерді жатақханамен қамтамасыз ету, колледждерде «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультатив курсын өткізу, «Баршаға ТжКБ тегін беру» жобасының жүргізілу туралы айтып өтті. Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері мен қорытындылары презентациялар арқылы көрсетілді. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.
Өңірдегі ТжКБ жүйесі еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда қандай дағдыларды дамыту керек екендігін айқындау мақсатында 2018 жылдың 26 қыркүйегінде жұмыс берушілерімен кездесу жүргізілді. Кездесуге «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» және де басқа кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Іс-шара барысында колледждерде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту, сандық жүйеге көшу, «ІТ-құзыреттілікті дамыту», студенттердің кәсіптік дағыларын дамыту проблемалары қарастырылды.
Осы күннің екінші жартысында дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында
директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын
тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен, «Кәсіпкерлікті дамыту
негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде
IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және
колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар өткізілді.
Фокус-топтарды өткізу барысында әрбір қатысушының пікірі тындалды.
9 сәуір 2019
Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі»
Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі» «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 24 – 26 қыркүйек аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінде...
9 сәуір 2019
«Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу жұмысы бойынша іс-шаралар ПРЕСС-РЕЛИЗІ
«Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу жұмысы бойынша іс-шаралар ПРЕСС-РЕЛИЗІ 2018 жылғы 24-26 қыркүйекте «Кәсіпқор» Холдингі «Қазақстандағы Турин процесі»...
9 сәуір 2019
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Маңғыстау политехникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Жоспарға сәйкес көптеген шаралар өтті.
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Маңғыстау политехникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Жоспарға сәйкес көптеген шаралар өтті. Мақсаты –...
9 сәуір 2019
«Жомарт жүрек»
Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесіне...
9 сәуір 2019
«Асар» қайырымдылық акциясы аясында «1 наурыз – Алғыс айту» күні мерекесіне орай
Маңғыстау политехникалық колледжі ағымдағы жылдың 1 наурыз күні «Асар» қайырымдылық акциясы аясында «1 наурыз – Алғыс айту» күні мерекесіне орай «№3 Арнаулы...
9 сәуір 2019
2018 жылдың 26-28 ақпан аралығында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan-2018» республикалық чемпионатының «Worldskills Aktau» өңірлік кезеңі өтті.
2018 жылдың 26-28 ақпан аралығында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan-2018» республикалық чемпионатының «Worldskills Aktau» өңірлік кезеңі өтті. Чемпионаттың мақсаты:...
9 сәуір 2019
2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады.
2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту...
9 сәуір 2019
«Білім беру саласында мультимедиялық электронды оқулықты қолдану тиімділігі» тақырыбындағы колледжішілік семинар
«Білім беру саласында мультимедиялық электронды оқулықты қолдану тиімділігі» тақырыбындағы колледжішілік семинар 30 қазан 2017ж Ұйымдастырушылар:...
9 сәуір 2019
Облыстық «Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсы
Облыстық «Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсы Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінде 2017 жылдың 30 мамырында «Үздік колледж...
9 сәуір 2019
«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.
Бұл семинар-практикумның негізгі мақсаты: инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру...
9 сәуір 2019
Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының құзіреттілігі бойынша өңірлік кезеңге қатысушылар
...
9 сәуір 2019
Маңғыстау политехникалық колледжінде 2017 жылдың 8 ақпанында Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының 13 құзіреттілігі бойынша колледжішілік кезеңі өткізілді.
Маңғыстау политехникалық колледжінде 2017 жылдың 8 ақпанында Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының 13 құзіреттілігі бойынша колледжішілік...