kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Махаббат, қызық мол жылдар

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер ” атты виртуалды кітап көрмесі өтті.

Мақсаты - баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу.

Виртуалды көрмеде бірнеше кітаптарға шолу жасалды. Атап айтқанда: «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» туындысы қазақ классикасының негізі болып саналады. Осы роман-эпопея желісінде 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қарсаңында ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай» атты фильмі жарыққа шықты.

Балаларға арналған көркем туынды балалар сүйіп көретін жазушы Б.Соқпақбаевтың повесі бойынша таспаланған «Менің атым Қожа» фильмі. Фильмде 12 жастағы Қожа есімді қазақ баласының өмірі суреттеледі.

Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілген фильм. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.

2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп «Көшпенділер» фильмін түсірді.

«Көксерек»Кинокартина - кішкентай ұл бала мен қасқырдың бөлтірігі арасындағы достығы жайындағы хикая. Бала мен қасқыр бірге тұрып, бірге ойнайды. Қасқыр мен адам – біріне-бірі дұшпан екендігіне қарамастан, бала жүрегі ересек өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін қабылдағысы келмейді. Адамдар есейіп қалған аңды өлтірмек болғанда, бала досын еркіндікке қоя береді. Бірер жылдан соң олар қайта қауышады. Бұл көркем туынды Мұхтар Әуезовтың аттас «Көксерек» шығармасы негізінде 1973 жылы түсірілген.

Виртуалды көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мәліметтер берілді.