kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024!

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024!

ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ҰЛТТЫҚ КУБОГЫ сәуір айының 25-26 күндері Астана қаласында, Конгресс-центр EXPO-да өтті.

ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 –еліміздің ең үздік студенттері 17 ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық бизнес-жобаларының нәтижелерін ұсынатын бәсекелес алаңы. Жарыс демеуші компаниялар көрмесін, жұмыс орындары жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен бизнес кездесулерін, питчинг және арнайы байқауларды қамтыды.

Студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогының финалы, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Қазақстанның намысын ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында қорғауға құқылы.

ENACTUS тарихында әлем кубоктары Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өткен. Биыл әлемдік чемпионатты өткізу құқығы біздің елге берілген. Алғаш рет Қазақстан астанасы Астана қаласында әлемнің үздік студенттік бизнес жобаларының әлем кубогы өтеді!

ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 республикалық шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 35 жоғары оқу орындарының және 26 колледж студенттері, 20 астам мектеп оқушылары, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар жиналды.

Чемпионаттың бірінші күні жобалар көрмесі ұйымдастырылып, 80-нен аса команда қатысып, еліміздің мәселелерін шешуге ұмтылған жобаларды ұсынды.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Лукпанова Салтанат Аскатовна бастаған «ЭКИПАЖ Х» 6 студенттен тұратын командасы (1.2.3курс студенті) «Автокөліктердің электржабдықтарына техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау» атты әлеуметтік жобасын ұсынып, финалға жолдама алды.

Жалпы командалық есеп бойынша 4- орынға ие болып, Кубокпен, бағалы сыйлықтармен және Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!