kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Жаңа Қазақстан: Білім. Тәрбие. Отбасылық құндылықтар

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында пікірсайыс турнирі өтті

«2024жылдың 11 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында "Жаңа Қазақстан: Білім. Тәрбие. Отбасылық құндылықтар" тақырыбында пікір сайыс турнирі өтті.

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы дебат клубтары жетекшілері арасында өзара тәжірибе алмасу және пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында АПФ форматында өткен турнирге өңіріміздің колледждерінен 9команда, барлығы 18 педагог қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын: М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің «QazATK» тобы (Мирасова Армангүл Мирасқызы, Мұхамеджан Шұғыла Нұржанқызы);

ІІ орын: Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Біз біргеміз» тобы (Қазақ Хасан Сардарұлы, Лукпанова Салтанат Аскатовна;

ІІ орын: Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің «IQ» тобы (Көздубаева Жолжан Айтқалиқызы, Жанабаева Камшат);

ІІІ орын: Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Исатай мен Махамбет» тобы (Тәңірберген Бауыржан Ержанұлы, Жанұзақов Еламан Нұрданұлы);

ІІІ орын: Маңғыстау техникалық колледжінің «Жалын» тобы (Жұбатқанова Айдана Табынайқызы, Қойшыбек Іңкәр Бейбітқызы).

Ал Маңғыстау туризм колледжінің оқытушылары Қойшиева Жансая Жұмасұлтанқызы «Үздік спикер», Нысанбаева Меруерт Ергалиевна «Үздік оратор» номинацияларын жеңіп алды.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!