kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022 жылдың 25 маусымнан басталып 20 тамызына дейін жалғасады (Өнер мамандықтары бойынша 20 шілдеге дейін өтті).

Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе дәстүрлі қағаз форматында (abiturient.edus.kz ақпараттық жүйе арқылы) тапсыра алады.

Болашақ студенттердің 4 мамандықпен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

2022-2023 оқу жылына өңірдегі 22 колледжде (14 мемлекеттік, 8 жекеменшік) 5535 орын (9 сынып базасынан-4955, 11 сынып базасынан-580), оның ішінде 3535 орын жергілікті бюджет есебінен, 2000 орын республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 5206 талапкерден құжат қабылданды (мемлекеттік тапсырысқа-3983, ақылы бөлімге-1223).

Мемлекеттік тапсырысқа құжат тапсырған - 3983 (жұмысшы мамандығына-1012, орта буын мамандығына-2892, қолданбалы бакалавр-79) талапкердің 3503-і 9-сынып базасынан, 452-сі 11-сынып базасынан, 28-сі колледжден кейін.

«Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева.

Қажетті құжаттар тізімі:

Білім туралы құжат, ¾ көлеміндегі 4 фото, медициналық анықтама (086); квота бойынша анықтамалар (көп балалы отбасы, аз қамтылған, жетім т.б.). 





4 тамыз 2022

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022 жылдың 25 маусымнан басталып 20 тамызына дейін жалғасады (Өнер мамандықтары бойынша 20 шілдеге дейін...

28 шілде 2022

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірледі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді әзірледі: ...

12 шілде 2022

2022-2023 оқу жылына төменде көрсетілген мамандықтар

2022-2023 оқу жылына төменде көрсетілген мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдайды (күндізгі оқу түрі) 1. 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,...

12 шілде 2022

15 шілде сағат 10:00 де тікелей эфир Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің Facebook желі парақшасында өтеді.  ...

9 шілде 2022

Құрбан Айт мерекесі құтты болсын. Тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын

...

15 маусым 2022

Жұмысшы біліктілігін алу

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің "Машина жасау технологиясы" мамандығының студенттері "Жұмысшы біліктілігін алу" кәсіби...

14 маусым 2022

Worldskills Aktau- 2022

Бүгін Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж басшысы Шолтанова З.Е. Worldskills Aktau- 2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік...

11 маусым 2022

WorldSkills Kazakhstan -2022

“WorldSkills Kazakhstan -2022” кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанатынан үзінді.  ...

11 маусым 2022

Worldskills Aktau- 2022

Бүгін 6-10 маусым арасындағы 4 күнге созылған Worldskills Aktau- 2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Кәсіби...

10 маусым 2022

Антикоррупциялық қызметтің бірыңғай Call-орталығы 1424

Агенттік мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын...

8 маусым 2022

ТАЗА СЕССИЯ

*«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫНЫҢ ШТАБЫ ОҚУ ОРНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ӨЗ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ!!! *АКЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ*–...

6 маусым 2022

WorldSkills Kazakhstan -2022

“WorldSkills Kazakhstan -2022” кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінен 26...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).