kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Dosti Skills Aktau2025

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген «Dosti Skills Aktau2025» халықаралық салалық достық чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл ауқымды шара жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты.

Аталған чемпионаттың сәтті өтуіне өз үлесін қосқан Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ұжымына колледж басшысы Зарипа Есенбайқызы шын жүректен алғысын білдірді. Ұжымның кәсібилігі, ұйымшылдығы мен жоғары жауапкершілігі чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылуының дәлелі болды.

Зарипа Есенбайқызы колледж ұжымының еңбегін ерекше бағалап, белсенді қызметкерлерді марапаттап, жылы лебізін жеткізді. Колледж басшысы осындай іргелі істер мен жетістіктердің жалғасы көп болсын деп ұжымға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тіледі!