kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

КІТАП — АҚЫЛДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Халел Өзбекғалиев атындағы маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 23 мамыр күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Біртұтас тәрбие бағдарламасын ” негізге ала отырып, “ Балалар кітапханасы ” жобасы аясында студенттер арасында «Менің сүйікті кітабым» атты кітапхана квилті өтті!

Мақсаты — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жастардың көркем әдебиетпен сырласуына мүмкіндік беру және студенттер мен оқытушылардың сүйікті кітаптары арқылы рухани байланыс орнату.

Шара барысында әр қатысушы өзіне жүрекке жақын бір кітапты таңдап, не себепті оны сүйіп оқитынын, қандай әсер алғанын қысқаша жазып, ортақ «әдебиет көрпесін» бірге құрастырды. Бұл квилт — тек шығармалар жайлы пікірлер емес, кітап арқылы өрілген жүректердің үндестігі.

Әдебиетке деген махаббатты бөліскен бұл шара – жастардың кітап әлемінде өз орнын табуына бір қадам жақындатқаны сөзсіз!