kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу іс-шаралар жоспары аясында, бүгін 13.06.2025ж Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Өңірде ақпараттық технологияларды дамыту: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы форсайт-сессия өтті. Форсайт-сессияға Маңғыстау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Сүлейменов, Маңғыстау облысының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Кашкинов және орталық мамандары, Маңғыстау облыстық Цифрлық технологиялар басқармасы және өндірістік мекемелер өкілдері, әлеуметтік серіктестер, өңір колледж өкілдері, колледж әкімшілігі және қызметкерлері, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Форсайт-сессияның басты мақсаты – Өңірде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласының мамандарын сапалы даярлау үшін, АТ өндіріс мекемелерімен байланысты нығайту және оларға қажеттілік көрсеткіштері мен мәселелерін талқылау.

Форсайт-сессияда – Маңғыстау өңірінде IT саласының даму перспективаларын айқындау, Аймақтық кадр даярлау мен цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру жолдары, Цифрлық трансформация трендтерін талдау, бизнес және өндіріс саласындағы IT сұранысын зерделеу, аймақтағы IT мамандарға деген сұраныс туралы, IT-білім берудегі дуалды жүйе, WorldSkills тәжірибесі, Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, Web-жасақтау, мобильді қосымшалар, колледждер мен кәсіпорын арасында нақты жобалық серіктестік туралы мәселелер талқылап, пікір алмасты. ІТ бағытындағы кадрларды даярлау, заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, дуалды оқыту, практикалық дағдыларды дамыту бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Хаттамалық шешімдер шығарылып, Маңғыстау облысы білім басқарамасына ұсынылды.

Форсайт-сессияға келген қонақтар, қатысушылар колледж базасын аралап құзыреттілік орталықтарының жұмыс барысымен танысты. Колледждің материалдық техникалық базасы жоғары деңгейде жасақталғанын айтып өтіп, колледж жұмысына оң бағаларын берді.

Маңғыстау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Сүлейменов сапалы білімге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етіп жатырған колледж жұмыстарына ризашылығын білдіріп, колледж жастарымен кездесіп, ұжымға сәттілік тіледі.