kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылды Еңбек мамандықтары жылы деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана 2025 жылғы 15-16 мамыр күндері Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында колледж директорлары мен кітапханашыларына арналған «Кітап шаһары – 2025» республикалық семинары өтті. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2022–2025 жылдарға арналған жоспары аясында «Жас талап» және «Оқуға құштар колледж» жобаларын іске асыру мақсатында өткізілді. Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорларын толықтыру, жұмыс арттыру, кітапханашылардың шығармашылық белсенділігін нығайту және олардың мәртебесін көтеру.

Семинар барысында кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрландыру және кітап қорын оқу және көркем әдебиетпен толықтыру мәселелері, колледж кітапханаларының оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орны талқыланды. Бұл семинарға колледжіміздің кітапхана меңгерушісі Р.С. Бекмуратова қатысып, шара соңында “Құрмет грамотасы” мен сертификатпен марапатталды.