kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ШАҚЫРУ!!!!

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ОҚУҒА ШАҚЫРУ!!!!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер және ата аналар!

Халел Өзбекғалиев атыңдағы Маңғыстау жоғары политехникалық коледжі Сіздерді 2024-2025 оқу жылына тегін білім алуға Оқуға шақырады.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық коледжі 50 жылдан аса тарихы бар, беделді көп салалы Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.

Колледж экономиканың негізгі салалары үшін іріктелген алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды дайындауды бастау және әрі қарай олардың тәжірибесін өзге де оқу орындарына тарату бойынша Республика бойынша 10 базалық колледждің қатарына енгізілген.

Сапалы білім беру мақсатында колледж өңіріміздегі 50 ден аса ірі өндіріс мекемелерімен келісім –шарт жасақтады. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жасақталған білім беру бағдарламалары «Талап» комерциялық емес Акционерлік қоғамының реестрінде тіркелген.

Шалғай аудандардан келген білім алушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі. Білім алушылар үшін барлық жағдайлар жасақталған.

Колледж келесі мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдайды:

9 - шы сынып базасында: оқу мерзімі 3 жыл 10 ай

1. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

2. Мехатроника (салалар бойынша)

3. Бағдарламалық қамтамасыз ету(түрлері бойынша)

4. Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)

5. Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері

6. Құрылыстағы сметалық жұмыс

7. Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

8. Зертханалық технология

9 сыныптан кейінгі жұмысшы мамандығы: оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

1. Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

2. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

3. Токарлық іс (түрлері бойынша)

11- ші сынып бітіргендер үшін жұмысшы мамандықтар: Оқу мерзімі 10 ай

1. Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

2. Слесарлық іс (салалар және түрлері бойынша)

3. Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

4. Токарлық іс (түрлері бойынша)

11- ші сынып бітіргендер үшін:

Қолданбалы бакалавр: оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

1. Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

2. Автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару(бейін бойынша)

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Қолданбалы бакалаврдан кейін жоғары оқу орындарында қысқартылған түрде білім алуға оқу мүмкіндік аласыздар.

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Бәсекеге қабілетті, өз болашағына нық сеніммен қарайтын маман боламын десеңіз, Халел Өзбекғалиев атыңдағы Маңғыстау жоғары политехникалық коледжіне оқуға келіңіз. Біздің коледжде сапалы білім алатыныңызға, жарқын болашаққа жол ашатыныңызға сенімді болыңыз. Білім алушылардың білім алуына барлық, қолайлы жағдай жасалған.

Мекен жайымыз: 3Б шағын ауданы, 11 ғимарат

Байланыс телефондары: 8 701 754 65 47

​​​​50-11-14 (104)

КЕЛІҢІЗДЕР! ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!