kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезеңінде студенттердің сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру аясында 15 маусым күні колледжде WorldSkills чемпионаты «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі бойынша мектеп оқушыларының қатысуымен кәсіби сынама туралы шебер-сынып өтті. Қатысушыларға WorldSkills қозғалысы, осы қозғалыстың даму тарихы мен мақсаттары түсіндіріліп, «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі таныстырылды. Сарапшы Қомшабаев Дархан Бексейтұлының жетекшілігімен қатысушылар VMware Workstation бағдарламасында виртуалды хосттарды құрды, оларды баптауын жасады. Сервердің басқару функцияларымен танысып, өз қолымен ActiveDirectory каталогтарының қызметін баптап, өз мектебінің домен контроллерлерін құрды. Сонымен қоса, Cisco Packet Tracer бағдарламасының қызметтері түсіндірілді, қатысушылар қарапайым компьютерлердің арасындағы байланысты коммутатор мен маршрутизаторлар арқылы жалғап, олардың қауіпсіздігін күшейтті.

#кәсібисынамамангыстау

#Qazaqstan30 #жаз2021мангыстау