kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

WorldSkills AKTAU -2024

2024 жылдың 26 ақпан күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «WorldSkills AKTAU -2024» өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионатқа колледжден 37 құзыреттілік бойынша 222 білім алушы қатысады, оларды 70 тен аса сарапшылар бағалайтын болады.

Чемпионаттың ашылу салтанатына: Маңғыстау облысының білім басқармасы өкілі Сармурзина Жания Оналбаевна, колледждің әлеуметтік серіктес мекеме басшылары- Султанов Хамзат Жастаевич, Моисеев Алексей Сергеевич, «Forte Bank» АҚ филиал басшысы, колледж демеушісі Урисбаев Аббат Жангирханович, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбековна және өңіріміздің кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберліктерін сынағалы отырған колледж жастарына сәттілік тіледі.

2024 жылдың 26-29 ақпан аралығында өтетін «WORLDSKILLS -2024» колледжішілік чемпионатына кәсіби бағдар беру мақсатында Ақтау қаласының №6, №29 мектептерінен 9 сынып оқушылары шақырылды. Чемпионаттың ашылу салтанатына келген қонақтарымызға және Өнер колледжінің әкімшілігі мен студенттеріне колледж әкімшілігі атынан Алғысымзды айта отырып, чемпионатқа қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!