kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

DOSTI SKILLS Almatu -2024

Бүгін 30 мамыр күні Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің базасында «DOSTI SKILLS Almatu -2024» салалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Бұл чемпионаттың ұйымдастырушылары және негізгі кураторлары -«WorldSkills Kazakhstan» қозғалысының Ұлттық операторы «Talap»КЕАҚ және «DOSTI» инновациялық орталығы.

Халықаралық деңгейдегі шараға «WorldSkills International» халықаралық қатысушылары, республикалық «WorldSkills Kazakhstan -2023» чемпионатың жеңімпазы, «WorldSkills Kazakhstan - 2024» өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері, Қытай, Франция, Австрия, Қырғызстан мемлекеттерінің және республикамыздың сарапшылары, білім басқармалар өкілдері, колледж және жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

DOSTI» инновациялық орталығының директоры Д.Н. Калаев DOSTI SKILLS Almatu -2024» салалық чемпионатының мақсатымен міндеттерін атап, халықаралық сарапшыларды таныстырды. Еуразия Технологиялық Университетінің ректоры Е.З. Сүлейменов «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктерінің маңыздылығын айтып өтті. «Studica Robotics» компаниясының директоры Francesco Nanfara әлем чемпионатында «Автономды мобилді робототехника» құзыреттілік ерекшеліктерімен жаңартырған ережелермен таныстырды. Маңғыстау облысының білім басқарма басшысының орынбасары Г.Д. Кызылгулова «DOSTI» инновациялық орталығына алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі, ал Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғарғы политехникалық колледжінің басшысы З.Е. Шолтанова Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ІТ саласын дамыту мен білім беру перспективалары, сондай-ақ ІТ-бағыттарды жандандыратын өңірлік,республикалық және халықаралық деңгейде іс-шаралар туралы баяндады.