ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024!
ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024!
ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ҰЛТТЫҚ КУБОГЫ сәуір айының 25-26 күндері Астана қаласында, Конгресс-центр EXPO-да өтті.
ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 –еліміздің ең үздік студенттері 17 ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық бизнес-жобаларының нәтижелерін ұсынатын бәсекелес алаңы. Жарыс демеуші компаниялар көрмесін, жұмыс орындары жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен бизнес кездесулерін, питчинг және арнайы байқауларды қамтыды.
Студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогының финалы, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Қазақстанның намысын ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында қорғауға құқылы.
ENACTUS тарихында әлем кубоктары Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өткен. Биыл әлемдік чемпионатты өткізу құқығы біздің елге берілген. Алғаш рет Қазақстан астанасы Астана қаласында әлемнің үздік студенттік бизнес жобаларының әлем кубогы өтеді!
ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 республикалық шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 35 жоғары оқу орындарының және 26 колледж студенттері, 20 астам мектеп оқушылары, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар жиналды.
Чемпионаттың бірінші күні жобалар көрмесі ұйымдастырылып, 80-нен аса команда қатысып, еліміздің мәселелерін шешуге ұмтылған жобаларды ұсынды.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Лукпанова Салтанат Аскатовна бастаған «ЭКИПАЖ Х» 6 студенттен тұратын командасы (1.2.3курс студенті) «Автокөліктердің электржабдықтарына техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау» атты әлеуметтік жобасын ұсынып, финалға жолдама алды.
Жалпы командалық есеп бойынша 4- орынға ие болып, Кубокпен, бағалы сыйлықтармен және Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
3 маусым 2024
Облыстық мамандандырылған балалар үйіне
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай колледж қызметкерлері “Облыстық мамандандырылған балалар үйіне” және ерекше күтімді қажет ететін балаларды мерекемен...
3 маусым 2024
DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 2ші маусым Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...
1 маусым 2024
DOSTI SKILLS Almaty 2024
1.06.24 ж Алматы қаласында Еуразия Технологиялық Университеті базасында "DOSTI SKILLS Almaty 2024" салалық достық чемпионатында "Мобильді робототехника" құзыреттіліктері...
1 маусым 2024
Сардар
2024 жылдың 31 мамырында Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде бес күндік далалық оқу-жаттығу жиынының жоспарына сәйкес, іс-шаралар өткізілді. Колледж...
1 маусым 2024
Халықаралық балаларды қорғау күніне
Ағымдағы жылдың 01 маусым күні Ақтау қаласы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында "Халықаралық балаларды қорғау күніне" арналған іс-шарасы өтті. Шараға...
1 маусым 2024
Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 31 мамыр күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
31 мамыр 2024
DOSTI SKILLS Almaty 2024
31.05.24 ж Алматы қаласында Еуразия Технологиялық Университеті базасында "DOSTI SKILLS Almaty 2024" салалық достық чемпионатында "Мобильді робототехника" құзыреттіліктері...
31 мамыр 2024
DOSTI SKILLS Almatu 2024
31.05.24ж Алматы қаласында Еуразия Технологиялық Университеті базасында "DOSTI SKILLS Almatu 2024" салалық достық чемпионатында «KENDALA» венчурлық компаниясының тең...
31 мамыр 2024
DOSTI SKILLS Almatu 2024
31.05.24ж Алматы қаласында Еуразия Технологиялық Университеті базасында "DOSTI SKILLS Almatu 2024" салалық достық чемпионатында «KENDALA» венчурлық компаниясының негізін қалаушы...
31 мамыр 2024
Алғашқы әскери және технологиялық даярлық
2024 жылы 30 мамырда Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша далалық оқу-жаттығу жиынының төртінші...
30 мамыр 2024
"DOSTI SKILLS Almatu 2024" салалық чемпионатының алғашқы күні
...
30 мамыр 2024
DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 30 мамыр күні Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...