kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Оқуға құштар колледж

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 31 мамыр күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Жылдың үздік оқырманы ” атты байқау өтті. Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітапханаға келушілер санын ұлғайту, студенттер арасында кітап оқуды тиімді насихаттап, ең көп оқитын студенттерді анықтау және мадақтау. Ережесі: Студенттер кітап оқу кезінде дүниетанымын кеңейту; өз оқыған шығармаларынан ойын қорытындылай, бағалай білуі; жан жақты ізденуі қажет және де “ Бук-Слэм - менің ең сүйікті кітабым ” яғни өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтып, ақындар өлеңдерінен үзінділер оқу және кітап жарнамасын жасау. Байқаудың қорытындысы бойынша Жылдың ең үздік оқырмандары анықталды. Бас жүлде “ Ең үздік оқырман ” номинациясымен АРХТ 23-01с тобының студенті Демесинова Айшолпан, “ Білімді оқырман ” номинациясымен АБ 23-01с тобының студенті Мергенбай Қадырәлі, “ Өнерлі оқырман ” номинациясымен ЗТ 23-01с тобының студенті Камалова Шолпан, “ Белсенді оқырман ” номинациясымен ТІж 23-01с тобының студенті Зинолла Абдурроззаһ марапатталды.