kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

DigitalskillsMangystau 2024

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Worldskillsчемпионатының құрамдас бөлігі «DigitalskillsMangystau 2024» ІТ саласы бойынша облыстық чемпионаты өтіп жатыр.

22 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Чемпионатқа өңіріміздегі 17 техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты жастары қатысуда. 3 күнгесозылатын аталмыш чемпионатта 124 студент 21құзыреттілік бойынша бақ сынап, 150-ден астам сарапшы бағалайды. Олардың ішінде, «Цифрлық модельер», «BIM ақпараттық модельдеу технологиясы», «Киберқауіпсіздік», «Моушн дизайн», «Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту» құзыреттіліктері бойынша өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылуда.

Digitalskills цифрлық технологиялар саласы бойынша облыстық чемпионат технология индустриясы мамандарының дағдыларынжетілдіру, ел экономикасын цифрландыруға үлес қосу, сарапшылар қауымдастығының бағасын алу мүмкіндігі. Чемпионат 9 құзыреттілік алаңдарында өткізіледі.

Үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту мақсатында өтіп жатқан чемпионаттың жеңімпаздары республикада өтетін құзыреттіліктер бойынша Worldskills Kazakhstan республикалықчемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз.