kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Оқуға құштар колледж

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 17 мамыр күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Ғаламтор кітапты алмастыра ала ма? ” атты пікір талас өтті.

Шараның негізгі мақсаты: студенттерге ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, бүкіләлемдік өрмек ғаламторға байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Сондай-ақ студенттерді өз ойларын ашық, нақты, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дебат сайысы қарқындап дамып келе жатқан компьютердің қоғам арасында кеңінен қанат жайып кеткен ғаламтор төңірегінде және де адам баласының жан азығы ерте заманнан адамды білімге жетелеген кітап жайлы болды. Оқушылар «Кітап» және «Ғаламтор» болып жақтаушы және даттаушы болып екіге бөлінді.

Жақтаушы топтың белсенді мүшесі «Білім көзі – кітапта, ғаламтор – бүкіләлемдік өрмек. Қазіргі кезде технологияның қарқынды дамуымен көп жастар өздеріне қажетті материалдарын ғаламтордан алып пайдалануда. Алайда ғаламтор көзі кітапты алмастыра алмайды деп ойлаймын. Себебі, кітап рухани жан азығын іздеуші жандардың әрқашан серігі болып қала береді» - деп өз ойын білдірді. Ал даттаушы топтың белсендісі: « Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Себебі, ғаламтор қолжетімді. ХХІ ғасыр - компьютер заманы, ғаламтордың арқасында кез келген интернет клубқа барып керек сабақтарың болса, интернетке барып тауып алуға болады. Ал, кітапта кітапханаға барса, өтініш керек, тіркеу қағаздары бар ма деп шығады. Сол үшін ғаламтор дұрыс, деп санаймын» деп қарсы пікірін білдірді. Сайыс барысында әр топ тақырыпқа сай нақты дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты кең ауқымда талқылады. Сарапшылар ғаламтордың терісі мен оң жақтарын сараптап, сайыс барысында сөз шеберлігімен, тапқырлығымен, ұтқыр ойымен ерекше көзге түскен студенттерге әділ бағасын берді.

Кеш соңында студенттер осындай мағыналы да пайдалы тақырыпты қозғаған үшін өз ойларын айтып, алғыстарын білдірді