kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Abilympics

2023 жылдың 24-25 наурыз аралығында Францияның Мец қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Abilympics» 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты Abilympics France қауымдастығы WorldSkills France серіктестігімен 45 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылып өткізілді. Оған әлемнің 27 елінен делегация келді. Қазақстан бұл халықаралық чемпионатқа алғаш рет қатысты.

Чемпионат мақсаты- ерекше жандардың мемлекет өміріне қаншалықты зор үлес қоса алатындығы туралы қоғамды барынша хабардар ету және дағдылары, әлеуеті және қабілеттері туралы дәстүрлі түсініктерді өзгертіп, нәтижесінде олардың кең жұмысқа орналасуына ықпал ету болып табылады.

Чемпионат Metz Eurometropole көрме орталығында 2 күн ішінде шамамен 1500 қатысушыны (үміткерлер, төрешілер, сарапшылар) және 50 000 келушілерді жинады.

Бағдарлама бойынша құрылыс, ІТ (веб-дизайн, графикалық дизайн, робототехника, мехатроника), электроника, токарлық іс және металлөңдеу, автокөліктерге техникалқ қызмет көрсету, фотосүрет құзыреттіліктері бойынша жұмыс алаңдарын қарадық, чемпионат шеңберінде шебер-сыныптар, конференциялар, презентацияларға қатыстық.

«Abilympics» халықаралық федерациясының төрағасы Шинобу Вадзима «Abilympics Kazakhstan» Президенті Адель Нысановпен және ҚР Страсбургтегі Бас консулы Әнуарбек Ахметовпен сұхбатында Қазақстандық қатысушыларды жылы қарсы алып, өз шеберліктерін көрсетуде табыс тіледі. Ол сондай-ақ Қазақстан басшылығына ең жылы тілектерін жеткізіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды шаруашылық жүйеге одан әрі ықпалдастыру үшін біздің елімізде жеке саясатты әзірлеудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық делегация алдында сөйлеген сөзінде ҚР Страсбургтегі Бас консулы Әнуабек Ахметов бұл іс-шараның әлемдік және қазақстандық мүмкіндіктері шектеулі жандарды еліктеуге тұрарлық, рухы, дарынды адамдар туралы әлемдік және қазақстандық қоғамға ерекше маңыздылығын атап өтіп, Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа жеңістер тіледі.

«Abilympics» 10-шы халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатынан ерекше әсер алдық, құзыреттіліктер бойынша сарапшылармен сұхбаттасып, тәжірибе алмасып, болашақта бірнеше жобаларды жүргізіп өңіріміздің кадрларын әлемдік додада жеңістерге ие болатынына сенеміз!