kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Францияда кәсіптік білім беруді дамыту

2023 жылдың 21-28 наурыз аралығында Париж қаласында «Кәсіптік білім берудің заманауи стандарттары» тақырыбында тағлымдама ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша Париж академиясында (Париж Білім министрлігі) «Францияда кәсіптік білім беруді дамыту» тақырыбында семинар өткізіліп, Францияның білім беру жүйесінің жалпы құрылымы, өмір бойы оқыту контекстіндегі білім беру траекторияларының сабақтастығы, Франциядағы ТжКБ жүйесі: реформалар және ағымдағы басымдықтар, білім беру бағдарламаларының түрлері, ECVET кредиттік-модульдік жүйесі және оны қолдану мәселелері талқыланып, халықаралық аккредиттеу және сертификаттау жүйесі, халықаралық ынтымақтастықтың рөлі, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың халықаралық әлеуеті, серіктестік және бас келісім туралы пікір алмастық.

Сонымен қатар, Марсель де Пре атындағы лицейіне (High school Marcel Deprez), Raspail жоғары энергетикалық, Galilée, ғылым және цифрлық технологиялар Гюстав Ферри (Lycée des Sciences et du Numérique - Gustave Ferrié), Saint Nicolas кәсіптік мектептерінің материалдық-техникалық базасымен таныстырылды, электроника, IT құзыреттіліктері, киберқауіпсізідік, ақпараттық қауіпсіздік, технологиялық инновациялар және экодизайн, Ақпараттық технологиялар (АТ) және цифрлық жүйелер, тұрақты цифрлық орта және қоршаған орта, менеджмент және цифрлық ғылымдар, интеллектуалды желілер, дербес және ендірілген жүйелер, цифрлық орта 4.0 - ақылды үй (тұрмыстық техника, мультимедиялық аудиовизуалды техника, үйді автоматтандыру), APTECH бағдарламалары, жаңартылатын энергия көздері, тиімділігі бойынша демонстрация және презентация, шебер-сыныптар жүргізіліп, TICE (ICT) пайдалануы, ақпарат және байланыс технологиясы көрсетілді. Тағылымдама колледжіміздің білім беру бағдарламаларын Францияның стандарттарына бейімдеу үшін үлкен бастама берді және бұл іс-сапарды ұйымдастырып мүмкіндік жасаған Маңғыстау облысы білім басқармасына Алғысымыз шексіз!!!