kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

1-қыркүйек Білім күні

2022 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты мереке өтті. Мерекеге Маңғыстау облысы білім басқармасы өкілдері, колледж ұжымы, студенттер және ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж басшысы Шолтанова Зарипа Есенбайқызына берілді. Колледж басшысы барлық оқытушыларды, ата-аналарды және колледж табалдырығын алғаш рет аттап отырған І курс студенттерін 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. Студенттерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, тіледі. Маңғыстау облысы техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы колледждің жақсы жетістіктерін атап өтіп, колледж ұжымына, студенттерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық , жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мереке соңы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы кураторлық сағатқа ұласты.