kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022

Колледждерге талапкерлердің өтініштерін қабылдау 2022 жылдың 25 маусымнан басталып 20 тамызына дейін жалғасады (Өнер мамандықтары бойынша 20 шілдеге дейін өтті).

Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе дәстүрлі қағаз форматында (abiturient.edus.kz ақпараттық жүйе арқылы) тапсыра алады.

Болашақ студенттердің 4 мамандықпен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

2022-2023 оқу жылына өңірдегі 22 колледжде (14 мемлекеттік, 8 жекеменшік) 5535 орын (9 сынып базасынан-4955, 11 сынып базасынан-580), оның ішінде 3535 орын жергілікті бюджет есебінен, 2000 орын республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 5206 талапкерден құжат қабылданды (мемлекеттік тапсырысқа-3983, ақылы бөлімге-1223).

Мемлекеттік тапсырысқа құжат тапсырған - 3983 (жұмысшы мамандығына-1012, орта буын мамандығына-2892, қолданбалы бакалавр-79) талапкердің 3503-і 9-сынып базасынан, 452-сі 11-сынып базасынан, 28-сі колледжден кейін.

«Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева.

Қажетті құжаттар тізімі:

Білім туралы құжат, ¾ көлеміндегі 4 фото, медициналық анықтама (086); квота бойынша анықтамалар (көп балалы отбасы, аз қамтылған, жетім т.б.). 





4 қараша 2022

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022

Ағымдағы жылдың 6-31 қазаны күндері «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, колледжімізден қатысқан арнайы пән оқытушысы Қарабалаева...

4 қараша 2022

Ауылдық колледждерді қолдау

2022 жылдың 4 қарашасында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде...

3 қараша 2022

Колледжіміздің өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Мутиев Рауан, әдіскер Толеубаева Айша, арнайы пән оқытушысы Назарбекова Алмагүл ағымдағы жылдың 28 қазан...

3 қараша 2022

Дәнекерлеу ісі

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ПІр-21-01с тобы «Дәнекерлеу ісі» бойынша кәсіптік тәжірибесін колледж базасында өтуде....

2 қараша 2022

Токарлық іс және металөңдеу

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің "Токарлық іс және металөңдеу" мамандығының студенттері, өндірістік оқыту тәжірибесі...

2 қараша 2022

Өрт тактикалық сабақ

Жоспар кестесіне сәйкес 2022 жылдың 31 – ші қазанда Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғарғы политехникалық колледжінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау...

1 қараша 2022

Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді

Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді  ...

1 қараша 2022

Тұлғаның психотропты заттарға қарсы төзімділігі және психологиялық денсаулық

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің педагог – психологі К.Ж.Хожаметова студенттердің психотропты...

27 қазан 2022

Токарлық жұмыстар СББ станоктарында

«WorldSkills Aktau-2022» өңірлік чемпионатының «Токарлық жұмыстар СББ станоктарында» құзыреттілігі бойынша жеңімпазы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары...

27 қазан 2022

Отбасы және отбасылық құндылықтар

Ағымдағы жылдың 26 қазан күні Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің №5 жатақхана студенттеріне колледж педагог – психологі...

26 қазан 2022

Дәнекерлеу ісі

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ПІр-21-01с тобының студенттері 10.10.-11.11.2022ж. аралығында «Дәнекерлеу ісі» бойынша кәсіптік...

25 қазан 2022

Жанашыр жүрек

2022 жылғы 22 қазан күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Жанашыр жүрек» халықтық акциясы» жобасы...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2025. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).