Ауылдық колледждерді қолдау
2022 жылдың 4 қарашасында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әлеуметтік серіктестік-сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші» тақырыбындағы индустриялық кеңес отырысы өтті.
Кеңес мақсаты: колледжде нақты өндіріспен академиялық процестің өзара іс-қимылына ықпал ететін индустриялық кеңес өткізу, кәсіптік стандарттарға, еңбек нарығының қажеттіліктеріне, оқытудың дуальды моделі мен Worldsskills стандарттарына сәйкес модульдік-құзыреттілік тәсілде әзірленген білім беру бағдарламаларының өзектілігін қолдау болып табылады.
Кеңестің техникалық комитеттер отырысында колледждің әлеуметтік серіктестерімен «Жас маман» жобасы аясында құзыреттілік орталықтың жұмыс жоспары, білім алушылардың ақылы түрде кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру, ҚР бекітілген кәсіптік стандарттарға, еңбек нарығының қажеттіліктеріне, дуальды оқыту моделіне, Worldskills стандарттарына және жаңа мамандықтар атласына сәйкес білім беру бағдарламалары, кадрларды мақсатты даярлау және кәсіптік бағдар беру жұмысы, өндірістен тартылған мамандар бойынша ынталандыру іс-шаралар жоспары, демонстрациялық емтиханға тәуелсіз сарапшыларды тағайындауы талқыланып бекітуге ұсынылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Ауылдық колледждерді қолдау» жоспарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі тәлімгерлерді оқыту туралы ұсынысыын білдірді. Кеңес соңында колледждің әлеуметтік серіктестерін басшының Алғыс хатымен марапатталды.
6 желтоқсан 2022

“Парасат” дебат клуб
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің “Парасат” дебат клубының кезекті ойыны өтті. Үкімет...
6 желтоқсан 2022

Қобалжудан қалай арылу керек
Ағымдағы жылдың 06. Желтоқсан күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің педагог – психологі К.Ж.Хожаметова студенттерге бойдағы...
6 желтоқсан 2022

Дәнекерлеу ісі
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің ПІр-21-01с және ПІр-20-02 тобы «Дәнекерлеу ісі» бойынша кәсіптік тәжірибесін колледж...
5 желтоқсан 2022

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек фкнкцияларын жетілдіру
“Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының арнайы пән оқытушысы Лукпанова Салтанат АТЖ 21-01с тобына “ Құрал-саймандар...
2 желтоқсан 2022

Таза сессия
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Таза сессия» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы...
2 желтоқсан 2022

WorldSkills Kazakhstan-2022
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар студенттер мен сарапшыларын «WorldSkills...
2 желтоқсан 2022

Мархаббат.Kz Мүгедектер қоғамы
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының уйымдастыруымен Астана қаласының “Мархаббат.Kz Мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің...
2 желтоқсан 2022

№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің белсенді студенттері «№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ барып, мекеме аумағында...
2 желтоқсан 2022

Сөз құдіреті
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында топ...
1 желтоқсан 2022

Мен және менің бейнем
Ағымдағы жылдың 01 желтоқсан күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің педагог – психологі К.Ж.Хожаметова студенттердің өзіндік...
29 қараша 2022

АА-Стройинжиниринг
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Құрылыстағы сметалық жұмыс» мамандығының ҚСЖ-21-01с тобының студенттері ...
27 қараша 2022

Мобильді робототехника
2022 жылы 16 - 18 қараша күндері Астана қаласында техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагогтері арасындағы IT саласы бойынша ІІ...