kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Worldskills Aktau 2024

Маңғыстауда Worldskills Aktau 2024 чемпионаты басталды

Ақтауда Worldskills Aktau 2024 чемпионатының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген жоба 14 маусымға дейін жалғасады. Жұмысшы мамандығын дәріптеу, оның танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің жұмысшы мамандығына қызығушылығын ояту мақсатында өтетін жоба бірнеше бағытты қамтиды.

Ерте кәсіптік бағдарлау, еңбекке деген сүйіспеншілікті, мамандық таңдауды таныстыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларында бастапқы дағдыларды қалыптастыру үшін «Кондитерлік іс», «Автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету», «Жол қозғалысын ұйымдастыру» құзыреттіліктері бойынша ойын чемпионаты BabySkillsAktau ұйымдастырылады. Облыстық чемпионатқа 1 балабақшадан, 2 мектептен 18 қатысушы қатысады.

Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған «Abilуmpics» конкурсына «Массаж» құзыреттілігі бойынша 6 студент қатысады.

Маңғыстау облысында өтетін биылғы чемпионаттың ерекшелігі студенттер арасында ата-баба дүниетанымын қастерлеп, дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, ұлттық мәдениет пен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында DalaSkills конкурсы ұйымдастырылады. Конкурсқа 17 құзыреттілік бойынша 102 студент қатысады. Байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін 150-ден астам сарапшы бағалайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан өңірлерінен қатысушылар келеді деп күтілуде.

Жалпы өңірлік чемпионатқа 23 колледжден 72 құзыреттілік бойынша барлығы - 376, оның ішінде 358 студент және мектептен 12 оқушы, 6 балабақша тәрбиеленушісі қатысады. Қатысушылардың жұмысын 420 сарапшы сараптайды.

Айта кетейік, Worldskills Aktau 2024 кәсіптік шеберліктің ІХ республикалық чемпионатын Маңғыстау облысының әкімдігі мен Білім басқармасы бірлесіп өткізіп жатыр. Әлемде мұндай халықаралық жоба 1946 жылдан өткізіліп келеді. Ал Қазақстан 2014 жылғы наурызда WorldSkills International мүшелігіне кіру туралы өтініш берген еді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!