kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Руководитель колледжа

Контактный телефон:

+7(7292) 50-03-12 

Адрес: 

Мангистауская область, город Актау, 3Б мкр., 11 зд.

kzruen
Мобильная версия

Государственное коммунальное казенное предприятие «Мангистауский высший политехнический колледж имени Халела Узбекгалиева» Управления образования Мангистауской области

Новости колледжа

Оқуға құштар колледж

Кітапты алып қолыңа

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар колледж» жобасын бекіткен болатын.

«Оқуға құштар колледж» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын.Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы.

Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледжіміздің 2023-2024 оқу жылының өндірістік жоспарына сәйкес, 2024 жылдың маусым – тамыз айларында педагогтеріміз С. Лукпанова студенттер арасында 2 апталық кітап оқу марафонын, Х.Қазақ колледж студенттеріне «Менің сүйікті кітабым» М.Казиева облыстық кітапханада «Мен оқыдым, сен де оқы» атты шараларын, Ж. Сейтова, Л.Кусаинова, Г.Тугерова Ақтобе облысы, Ақтобе өнеркәсіп колледжімен бірігіп «Оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында онлайн семинарын және Ш.Джумагазиева «Токарлық іс және металлөңдеу» мамандығы бойынша «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарасын өткізді.

Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. «Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы»деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін кітап оқу керек.