kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Руководитель колледжа

Контактный телефон:

+7(7292) 50-03-12 

Адрес: 

Мангистауская область, город Актау, 3Б мкр., 11 зд.

kzruen
Мобильная версия

Государственное коммунальное казенное предприятие «Мангистауский высший политехнический колледж имени Халела Узбекгалиева» Управления образования Мангистауской области

Новости колледжа

Онлайн ТелеМОСТ

Ағымдағы жылдың 4-ші қыркүйегінде «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК мен Омск техникалық университетінің колледжімен ынтымақтастық меморандумы негізінде біріккен «Онлайн ТелеМОСТ»форматында конференциясын өткізді. Бұл шарада біздің колледжіміз тарапынан басшының ОӘЖ орынбасары, арнайы пән оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі-Тугерова Галия Бердибаевна; басшының ОӨЖ орынбасары Турегулова С.Ж; басшының АТЖ орынбасары, арнайы пән оқытушысы- Казиева Майра Алибаевна, колледжіміздің оқытушылары: арнайы пән оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты -Джумагазиева Шара Каниевна; арнайы пән оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі-Лукпанова Салтанат Аскатовна; дене тәрбиесі пәні оқытушысы, спорт шеберіне үміткер-Қазақ Хасан Сардарұлы және әдіскерлер-Сейтова Жанар Айтжановна; Толеубаева Айша Бақытжановна мен Құсайнова Лаззат Қожағұлқызы қатысты.

Шарада техника ғылымдарының магистрі С.А.Лукпанова өзі жобалап, дайындаған автомобильдердің ілініс корзинасын шашып-жинауға арналған «Іскенже» құрылғысының презентациясын жасады. Бұл құрылғы- инновациялық өнертабыс болып табылады. Құрылғы Қостанай қаласында орналасқан «Автомобиль көлігі» бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданып, таратуға ұсынылған. Қазіргі таңда оқытушы құрылғыны Ұлттық зияткерлік меншік институтында инновациялық өнертабыс ретінде тіркеп, патенті рәсімдеу жұмыстарымен айналысуда. Болашақта ҚР нарығына шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар конференцияда Тугерова Галия Бердибаевна; Джумагазиева Шара Каниевна; Казиева Майра Алибаевна және Қазақ Хасан Сардарұлы сөз сөйлеп, ресейлік әріптестермен тәжірибе алмасты.